Сағыныш – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Сағыныш» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5755
Таң қалар жерін алғаш басқан адам,
Мен жиі болып тұрам астанада.
Сонда да туған ауыл орны бөлек,
Мұны адам ұқпайды екен жаста ғана.
Тағдырдың көріп өстім алалығын,
Көп терген жоқпын мынау дала гүлін.
Мешейдің көшесінде қалып қойды,
Жүдеу өң, жадау көңіл балалығым.
Жақсымды жалпақ елге жариялар,
Асқар тay, өткел бермес дариялар,
Бұл күнде селдіреп тe қалды дейді,
Әкемнің көзін көрген қариялар.
Көңілге дала сыйған, қала сыймақ,
Жүрмеңдер бара қалсам, дара сыйлап.
Жатсынбай мені қарсы алар ма екен,
Достарым бала кезгі «қара сирақ»?
Жырларым, бағыт - ауыл,
алға ұшыңдар!
Айтатын оған көп-көп алғысым бар.
Әрқашан ақ тілеуі әзір тұрған,
Аналар, ақ жаулықты бармысыңдар?
Жаңаша сыр шерткен бұл шақта дәуір,
Баспайды иықты жүк батпан ауыр.
Мен сенде туғанымды мақтан етем,
Мал бағып, нан өсіріп жатқан ауыл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері