Өлең, жыр, ақындар

Талап

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2837
Жеткіншекті жетелейді талабы,
Талаптанса, біраз жерге барады.
Белгілейді мақсатының межесін,
Сәтті басқан ең алғашқы қадамы.
Ақ қағаздай қалам ізі түспеген,
Албырт жаннан күтпе бірден іс терең.
Лапылдайды жас жүректің жалыны,
Атқарады бар жұмысты күшпенен.
«Білекті адам бірді ғана жығады...»
Бәзбіреудің көңілі соған тынады.
Білімдіге қай кезде де өріс кең,
Сүріндірмес оны өмірдің сынағы.
Айналаға көз жіберіп қарасаң,
«Биік» болып кеткен өңшең аласаң.
Жалған ойды малданып жүр кей жастар,
Бұл жағынан олқылық көп орасан.
Мансұқ етіп өмірі ұзақ өнерді,
Қай заманда, айтшы, кімдер көгерді.
«Талапты ерге нұр жауады» деген сөз,
Дей алмаймын осы күні көнерді!
Біреулер бар шылауыңа жармасар,
Сөйтіп жүріп, келер күнге жалғасар.
Текті деген епті бола алмайды,
Иілгенмен, бүгілуге бармас ар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серт

  • 0
  • 0

Сіміріп aп таңғы ауаның тұнығын,
Зыр жүгірем, тыным алмай күнұзын.
Бір қызықтан, шақырады бір қызық
Мойыныма сілтеп жиі «құрығын».

Толық

Құлайды

  • 0
  • 0

Кей адамның бағы жылдам өрлеген,
Бетіне оның ешкім жел боп келмеген.
Қайда барсын, сый-құрметке бөленіп,
Әрқашан да дайын тұрар төр деген.

Толық

Дәрігер

  • 0
  • 1

Кей жырым шырқата алмай дәуір әнін,
Күн сайын қара терге малынамын.
Лауладай өлең оты бықсып жанса,
Мен соның «түтінінен» ауырамын.

Толық