Өлең, жыр, ақындар

Тебірену

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2458
Өмір қызық үміті, арманымен,
Жетелеуден тынбайды алға кілең.
Жігіттіктің семсерін жарға сүйеп,
Қырқылжың жас қырық кеп қалған білем.
Екі сөздің біреуі баяғыда,
Өткен жылдар ұқсайды жай оғына.
Бірте-бірте осылай түсер ме екен,
Кәріліктің тұсауы аяғыма?
Жас кезде де көргем жоқ желігіп тым,
Алыс қондым аулынан серіліктің.
Бойыма шақ жүгімді иыққа артып,
Бір мақсаттың жолына беріліппін.
Бұл өмірдің өрі бар, еңісі бар,
Ер жігітті қашан да елі сынар.
Әлдекімдей бәлденген жан емеспін,
О бастан-ақ ойының өрісі тap.
Армандаман шықсам деп дара шыңға,
Көппен бірге жетермін қарасынға.
Себебі мен туғаннан келем өсіп,
Қарапайым адамдар арасында!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нәсіпқали Сисатовқа

  • 0
  • 0

Көңілімнің айдынына қаз қонып,
Өз-өзімнен жүрем кейде мәз болып.
Өмірімнің күзі кіріп тұрса да,
Қас қағымда қалғандайын жаз келіп.

Толық

Мұң

  • 0
  • 0

Жүрегімде талай мұңның бар табы,
(Жас ұлғайса салмағы оның артады).
Қысымынан көп қайнаған қанымның,
Соңғы кезде желкем жиі тартады.

Толық

Кезек

  • 0
  • 1

Кезегімен күн батып, түн болады,
(He қымбат бар десек тe таң нарқын).
Кей уақытта көңілге мұң қонады,
Болсаңдағы қаншама ақжарқын жан.

Толық