Өлең, жыр, ақындар

Ұлтты ұйытшы!

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1955
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының төрт жылдығына арнаймын

Өршіл өлкем өнерлілер мекені,
Ақын, әнші, күйші - бәрі жетеді.
Ұлтты ұйытар театрға зәру боп,
Жүрген күндер түседі еске кешегі.
Бір мақсатты мың сан жүрек енші қып,
Келтірдік-ау күндерді де кеңшілік.
Шымылдығын ашқанда өнер отауы,
Жыладық біз - көрмей мұны ерсілік.
Жел өтінде соғылған бұл қорғандай,
Бір олқымыз болды сонда толғандай.
Ойдан-қырдан ағылды ғой қандастар,
Шын шаттанса, ел мерейі мол қандай!
Қилы-қилы қиындықпен тіресіп,
Өнердегі орыны үшін күресіп.
Келе жатыр, келе жатыр жас отау,
Ұлы өмірдің керуеніне ілесіп.
Көрерменнің көңілін табу - алақы,
Кейде биік асуларды алады.
Ал кей кезде жүрген ізін шиырлап,
Бір орында тұрыңқырап қалады.
Өткен төрт жыл сәби жасы десек тe,
Өнерде бұл алынбайды есепке.
Шығу керек жанашырдық ойынан,
Ойыныңа айтпау керек дос өкпе.
Әртіс-тұлға, қолдаушысы көрермен,
Бірге болсақ көсегеміз көгерген.
Намыс отын жүректерде жандырып,
Ұлтты ұйытшы өрісі кең өнермен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақытты оздырып...

  • 0
  • 0

Өз күшіме сенер-сенбес боп жүріп,
Алыппын ғой уақытты оздырып.
Жырларым да ұсақталып барады,
Отбасы мен ошақ қасын сөз қылып.

Толық

Туған шаңырақ

  • 0
  • 0

Асу бермес сияқтанар қарлы шың.
Ұшыашарға оқып беріп жаңа жыр,
Мен олардың алып жүрмін алғысын.
Ақын болып, астана асып кет мейлі,

Толық

Адамда...

  • 0
  • 0

Атар-ау алдан жарық таңымыз,
Үйқылы-ояу жатқапдаймыз әлі біз.
Көпті көрген қариялар не дейді,
Қалай болып бара жатыр халіміз?

Толық