Ұмыттырар – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ұмыттырар» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2268
Төгеді Күн шуағын мырзасынып,
Жатады жұпар ауа қырға сіңіп.
Жармасқан жер үстіне кәрі қысты,
Беткейге бара жатыр жылға ысырып.
Күн көзі қарды мүжіп тауысты, әне,
Қыс пен жаз осылайша ауыспалы.
Сықырын сары аяздың ұмыттырар,
Қаздардың қаңқылдаған дауыстары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері