Қызыл су мен ыбырсу – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қызыл су мен ыбырсу» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 693
Ойға барсаң - мұз бетінде қызыл су,
Сорға барсаң - тастап кеткен тұзын су,
Тауға келсең, бүгін-ертең еритін,
Селдетпекке дайындайды мұзын су.
Ойда-қырда, топандаған қызыл су,
Бей-берекет, етек-жеңсіз ыбырсу...
Сатып алған бақ-тағының қадірін,
саудалаған билік басы - ыңырсу.
Алатауда су сіңетін орын жоқ,
Ел-мекенді қоршап жатқан қорым көп,
Көрінгенге бай адам боп көріну
көрнісінен шайтан да өзі жерінбек!
Жазғытұрым қыстың сызы бу болып
тас төбеде айналар,
бұлтқа барып жайланар.
Жәния айтқан "аш екі о"-ға,
жауын-топан болма деп,
жазылған заң қайда бар?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері