Диалог – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Диалог» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1375
- Тамады тырс-тырс, ағады,
Сорғалап, әне, барады!
Тыйылар емес, тыйсам да
Тамшылар өрнек салады,
Жанардың нұры жас болып,
Ағарып солай ағады...
- Бір жасқанса, қата алмайды жүрек тіл,
Салшы құлақ, лүпіліне жүректің!
Ақыл деген толған азап, кіл екпін,
Салшы құлақ, тілегіне жүректің!
Иманыңның нұры келіп құйылар,
Елжіреп бір тәңіріне сыйынар,
Салшы құлақ, әміріне жүректің
Сол әмірден көз жасың да тыйылар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері