Өлең, жыр, ақындар

Алынбаған асқарым – ескірмеген тарих

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 702
Алынбаған асқарым – ескірмеген тарих
Өздеріңді көтеріп келе жатыр нар иық
маң-маң басқан уақыт.
Маң-маң басқан уақыт
шаң-шаң болған архивтен
шөмішімен көсіп ап тарихыма үңілтсе
(әділ күннің туғаны),
ұрпақ үшін ерекше мұның өзі бір бақыт.
Жалтаңдама жатқа да, еліктеме ешкімге,
керегі жоқ тіл қатып!
Озбыр зұлым күштерден өше жаздап, өшпеген
қасиетті елінен, қасіретті жерінен
көше жаздап, көшпеген,
уақыттың топаны тасқындаса бір уақыт
тарих өзі ап келген мың батырып, мың қалқып...
тоқтағанша қызыл тіл
ҚАЗАҒЫМДЫ жырлай біл!
Түсімде де, өңімде жыр өткелін жүз өтем
Атойлаған арынды абыройыма ту етем,
Тиіспеймін өзгеге, осылайша,
Өзімді,
Еңкеймеген еңсемді,
Тозбай келген төзімді –
жыр етем мен, жыр етсем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл шағыл

  • 0
  • 0

Бәрі есімде, қырда асыр сап өскенім,
Бақытты шақ, бал дәуренді кешкенім.
Еңкейсем де, әлдеқашан әже боп
Балалығым жадымнан бір өшпеді.

Толық

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Жұлдыз арман болмай қалды,
Көктен жерге түскелі.
Қол созғандар ұстап алса,
Кепиетті деп пе едің?

Толық

Өз жайым

  • 0
  • 0

Жәйіма жүрген жәйім бар,
Аулақ жүр менен, уайымдар!
Сендерге әуес емеспін,
(қол бұлғап әуре болмаңдар

Толық

Қарап көріңіз