Дәмелі көңіл әлемі – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Дәмелі көңіл әлемі» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1141
Түсіпті тасқа тілік,
Тасжарған гүл жарса екен!
Сүлделеп қасқа тірлік
Тағы да күл-пәрше әлем!
Күл-пәрше әлем...
Жайлаған өңшең надан
Күткенім бекер екен
Үмітпен жаңа қадам!
Түсіпті тасқа тілік –
Тұтастық қақ бөлінді
Шытынап кетті ме әлде
Айнасы шат көңілдің!
Бүп-бүтін бәрі тегіс
Өмірде болмайды екен,
Тек қана жасандылық
Өң беріп солмайды екен!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері