Өлең, жыр, ақындар

«Жер-Анаға жедел жәрдем керек» деп...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Қиял-ғажап аңсағаным үшін бе,
Кеңістікте жиі ұшамын түсімде:
Жер-Анамен жолығыппын кеше мен –
Домалақ шар пішіндес,
Мұндай халді кешпеген жан түсінбес...
Бір бүйірлеп соғып тұрды жел өкпек
Ұшып жүрдім жерді айналып өбектеп,
Тәңіріме жалбарындым түсімде
«Жер-Анаға жедел жәрдем керек» деп.
Жер төсінен тамшылады қан ағып,
Анық көрдім: қансырап тұр анамыз!
«Адамзаттың көз жасы мен қанынан» -
Деді-ау, маған «ауыр тартып барамын!».
«Адамдардың ең құрығанда, жартысы
Тату болған күнді аңсаймын салт үшін.
Бүгін түгел ата кәсіпке айналды:
Бөлшек-бөлшек бөлініп ап тартысу»!
Жер-Ананы бәйек болам жұбатып,
Күн шықса деп күтеді екем, таң атып...
«Сенің титтей алақаның жартымсыз
Жүрегінде сезінсе егер халқым сыз!
Әлем түгел ұстасып тұр, қарағым,
Содан болар, қанға бөгіп барамын!
Алақандар жұдырық боп түйіліп,
Содан болар, тесіліп тұр бүйірім...»
Осылай деп жер өксіді түсімде,
Жұбатысар кім бар, мұны түсінген!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нағашымның шаңырағы

  • 0
  • 0

Ат әкелер ұл аңсаған әкелер,
Тұяқ қалса, талай жорға мәпелер
Деген үміт үкілеген алдамай,
Ата салтын арман шыңға жетелер.

Толық

Тамылжып бұлбұл салар ән

  • 0
  • 0

Тамылжып бұлбұл салар ән,
Таңдарды таңға жалғатып.
Таңғы асқа құны татитын,
Таңғы ауаң қайда Алматым?

Толық

Рас, таулық емеспін

  • 0
  • 0

«Құзда нең бар еді» деме,
«Таулық емес, деді» деме,
Бір аңыздан оқыған ем:
«Сақтаулы тұр», - деді кеме.

Толық

Қарап көріңіз