Еділдің жағасында

Бұл бетте «Еділдің жағасында» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 651
Еділдің екі айрылар енді тұсы –
Көп тұрған Астарханда шенді кісі
Жұмабай кластасым. Жағалауда
қарық боп суретке келдік түсіп...
Кетеді екі айрылып – Шарон, Қиғаш
Балалық шағын ешкім оңай қимас,
Шұрқырап көрістік те күні бойы
Талай сыр ақтарылды жүрген жинап.
Еділден екі өзен басын алса,
Екі жеңді жатқандай кеуде жалғап!
Қиғаштың жағасында туып-өскен
Адамда болушы ма еді өзге арман!
Кеңдікпен, кемерлікпен тудым бірге,
Молшылық әуелден-ақ қанға сіңген.
Тебіренсем, дариядай толқимын да,
Әкетем аспанды да бірге тербеп.
Жан-жары Жұмабайдың Хазила қыз
Бойында тәрбиенің жібек тіні.
Бұл өмір жарастықты үлгі етуге,
Жұптаған сұлулық пен жүректіні!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еділдің жағасында өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Еділдің жағасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еділдің жағасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еділдің жағасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері