Кеудемнен сызылып бір ән шығарда – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Кеудемнен сызылып бір ән шығарда» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 795
Кеудемнен сызылып бір ән шығарда,
Тамшылар қосылады тамшыларға,
Билейді аппақ қайың шаршыларда.
Қолымды көлегейлеп көп қараймын
Көктемге сауын айтқан жаршыларға.
Жүрекке сәулесі бар мұң келерде,
Самал жел саңқылдайды іргелерде,
Жүйріктер жетеді ылғи жүлделерге.
Парасат-пайым айтып сән құрады
Оранып үлделер мен бүлделерге.
Жаныма күмбір қағып күй келерде,
Бозторғай ән іздейді үйренерге.
Сүйріктей сұлу саусақ жетелейді
Сыңғырлап сұлу әуен күймелерде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері