Бәрі де махаббаттан басталады – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Бәрі де махаббаттан басталады» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1705
Р.Рождественскийден

Бұзылып қара сөздің тас-қамалы,
Барлығы махаббаттан басталады!
Барлығы махаббаттан басталады:
Гүлдің көзі, баланың жанары да,
Әлгі жұмыс, билеген сананы да.
Не сезім бар бір одан асқан әрі,
Барлығы махаббаттан басталады!
Махаббаттан!
Мен оны дәл білемін,
Махаббаттан жүрегім жанды менің.
Барлығы – махаббаттың қарымтасы,
Өшпенділік – махаббат қарындасы.
Махаббаттан басталған арманың да,
Шарап ішіп шалықтап қалғаның да.
Қорқыныш...
Оны жеңген ұнтағың да,
Жететін сағындырып нұр-таңың да.
Тағдырдың таусылмайтын талқысы да,
Жабырқау тіршіліктің жалқысы да.
«Өмір сүр!»
Көктем солай сыбырласа,
Түрегел, намысыңыз жығылмаса.
Сонда сен тіктелесің, теңселесің,
Тірлігін тауқыметтің еңсересің!
Тағдырдың ашылғанда қас-қабағы,
Бәрі де махаббаттан басталады!
...Бәрі де махаббаттан басталады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері