Көшпелі елдің еркіндігін білмесе – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көшпелі елдің еркіндігін білмесе» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 804
Көшпелі елдің еркіндігін білмесе,
«Гаухартастың» мықтылығын күндесе,
Батыс ерте мұзға батып кетеді
Киіз үйдің керегесін түрмесе.
Әр адамға өзі жүрген қоғам құт,
Жан-жағынан жүрсе-дағы оқ аңдып.
Кім айтады дала дарқан емес деп,
Бостандықта болмау керек бодандық.
Бостандықта болмау керек бодандық,
Бодандығың көрсетеді жаман қып.
Әр адамға керек бір сәт кеңістік,
Тұрмау үшін ашкөздіктің оғы аңдып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері