Құстарға жем бергенді ұнатамын – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Құстарға жем бергенді ұнатамын» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 917
Құстарға жем бергенді ұнатамын,
Өйткені баласымыз бір атаның.
Құстың да, адамның да қанаты бар,
Қонатын тұғыры бір – ұлы Отаным.
Тұман ба? Ештеңе етпес, күн ашылар,
Өйткені ақ бұлақтың тұмасы бар.
Адамдар, құсты көрсең, жем беріңдер,
Тойынсын, олардың не кінәсі бар?
Құстар да ұнатады баптағанды,
Аялап, алақанда сақтағанды.
Құстарға жем беріңдер, өтінемін,
Қонғанда тұғырына ақ тағанды.
Өшпейді қар бетінде қалатын із,
Тоңбасын құс секілді қанатымыз.
Адамдар, құсқа қолмен жем беріңдер.
Көбейсін жер бетінде санатымыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері