Дүрсілін жүрегімнің есітемісің – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Дүрсілін жүрегімнің есітемісің» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 717
Дүрсілін жүрегімнің есітемісің,
Жанымның ғажап күйді кешкені шын,
Сен мынау көк аспанға алғысыңды айт
Алқынып ақша бұлты көшкені үшін.
Тұяғы жүрдек жылдың зымыраған,
Әйтеуір ел кетпеді ымырадан.
Жайдарман жақсы күндер еске түсті
Гүлдерге су тамызған құмырадан.
Тілдері серпілгенде сағаттардың,
Мезгілге жүрек сырын тағы ақтардым.
Қамыққан күнім қалды қайта келмес,
Қамқалы арасында қабаттардың.
Мың бұлақ сыңғырлаған, сылдыраған,
Бұлақ боп күн кешеді бір күні адам.
Томсарған тоғай неге теңселмей тұр,
Көк тұман көрсетпей ме бұлдыраған?
Келеді тағы бір күн жылылықпен,
Іздеймін өткенімді үңіліп мен.
Шалқарым шалқар сәтін аңсайды ылғи,
Тұншыққан толқынында тығылып дем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері