Күндер қалды көңілін көлшік еткен – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Күндер қалды көңілін көлшік еткен» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 647
Күндер қалды көңілін көлшік еткен,
Құса қылмай, келші, жаз, келші, көктем.
Желтоқсанның жаңғырған жотасына
Ақ жалауын көтеріп елші кеткен.
Қар жамылып өте ме мұншама айым,
Көмейіне қобыздың үн салайын.
Менің жаным мәңгілік жаз іздейді,
Қысы-жазы көгерген шыршадайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері