Жұлқынып, жібін үзді неше күрең – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жұлқынып, жібін үзді неше күрең» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 705
Жұлқынып, жібін үзді неше күрең,
Бүгінім сәл естірек кешегіден.
Саулаған жапырақтың ортасында
Қыркүйек сағынышты кешеді рең.
Сансыз көп сәлем жолдап атырап, қыр,
Сарғайған жүрегімде жапырақ тұр.
Ойланып, ою тақққан отауыма,
Жалынды жастық шақтың отын ап кір.
Өскен ел, жасаулы әлем, дара шабыт,
Барады көз ұшында жараса ағып.
Жалғыз рет берілгесін бұл өмірді
Өткізген қандай жақсы тамаша қып.
Кеудеге қызыл түспен тағылған гүл,
Жанады лапылдаған лағылдан жыр.
Сан үнмен саз дауысты сағынышым
Босатты керуенін ағылған бір.
Көсіліп көшкен тізбек жоқ па тағы,
Қалайша оны біреу тоқтатады?
Сәске шақ сәлемімді алып тұрған
Таңдарды тамылжыған жоқтатады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері