Ақ жауын – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Ақ жауын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 732
(Секен Тұрысбекке)

Құтқарушы періште кеп аспаннан,
Тазалыққа талпындыру басталған.
Қасиетпен жұлдыздарды суарған,
Жуып жатыр жердің үстін ластанған.

Бәрі мүлгіп, тазалықты бағалап,
Қашты лайсаң арықтарды сағалап.
Жудым мен де көңілімді кірлеген,
Шатырымды ұрған кезде сабалап.

Кірлегенін шын сезініп тұрса алап,
Тазарар ед, табар еді кім тағат.
Есіргендер билеп жатыр клубта,
Есігі мен терезесін тұмшалап.

Кірлегенін сезбейтінге қайранмын,
Тазарып ап оңашада ойландым.
Күй тілімен жуып кеткен біздерді,
Секен аға қолыңыздан айналдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері