Көркем жырымды жазып – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Көркем жырымды жазып» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 626
Күн бұрымында дірілдеп, шолпыдай жырым,
Теңіз көңілім тасыды, толқыды-ай, бүгін!
Әуен боп кетті, ауада – шалқып-ай, сырым,
Көркем жырымды жазып.

Бұлт – пәрәнжі болып, Күн жүзін қызғанды, қара,
Арқалы ақындай, гүл шашып, жынданды, дала!
Сыңғырын қостым – дәптерге шешіп, сырғамды, жаңа,
Көркем жырымды жазып.

Тылсым тілімен сөйлеген – өзен мына,
Саған жудым, ойларым тазарды ма?
Қуандырайыншы, мен бүгін, тозаңды да,
Көркем жырымды жазып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері