Жауһар – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Жауһар» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 851
Көкжиектен сары уыз таң құлайды,
Отырамын жырыммен жеке қалып.
Жан самалым тербесе, балбырайды,
Ей, ақ қайың – жапырағың бөпе болып.

Жырларымның шамымен түнін жағып,
Қайғысына қайғырдым, кең өлкенің.
Маңдайына ғибадат гүлін тағып,
Ауыр күннің мәйітін жөнелтемін!

Жасыл сәттің бояуын ап қалайын,
Сұр көңіл де шомылсын, гүлдеріме!
Өзен-күлкім тау жарса, тоқтамайын,
Жұлдыз шашып, дүниенің түндеріне!

Елге ұсынып, жырымды – гауһар көлді,
Аққулары танытып, тосын қылық.
Ауыстырып жатырмын – жауһарға енді
Ей, дүние – қап-қара тасыңды үгіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері