Өмірімді үлгі етейін – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Өмірімді үлгі етейін» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 652
Қызғалдақтың бояуымен жыр жазып,
Раушанның хош иісінен сыр бағып.
Жұлдыз қадап, жүректерге нұр жағып,
Өмірімді үлгі етейін!

Дәптерімді жасыл бақша қылайын,
Сезім толы сел жаңбырды сұрайын!
Сендерге емес, аспан жаққа ұнайын,
Өмірімді үлгі етейін!

Иман шығын тамызайын, жырменен,
Гүл сөзімнен құлпырсыншы, сұр белең!
Сыр айтайын, бұрын ешкім білмеген,
Өмірімді үлгі етейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері