Торығу

Бұл бетте «Торығу» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1044
Міндеті зор жақынымның,
Жақсылығын бұлдап жатқан.
Мен де бұлдап Хақымды мың,
Санассам ба,
Ей, Жаратқан!
Кемдік болмай қолдауымда,
Жазып жүрек жарақатын.
Менің-дағы сол бауырға,
Тиіп еді-ау, шарапатым...
Дүние кезек...
Тарынбайын,
Қадіріме жетпеді деп.
Бұлдаса да,
Қағынбайын,
Бәлкім, маған өткені көп...
Тау дегенім
Төбешік те.
Көл дегенім
Көлшік екен.
Мойнымдағы берешекке,
Амал нешік, көншіп өтем.
Бұлт үйірмей,
Ашыл көңіл,
Несіне айтам өкпені көп?
Ашу – дұшпан.
Басыл көңіл,
Аласұрма текке жүрек!
Бұрын бұлай сатпайтұғын,
Жасаушы едік сауапты істер,
Сол сауапты сақтайтұғын,
Аллаһ, өзің ғажап күш бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торығу өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Торығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торығу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері