Қасымда жоқсың

Бұл бетте «Қасымда жоқсың» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 613
Түн жанарынан
Шашырағандай кіл оттар,
Жауады көктен
Ұшқындап,
Тынбай
Үдеп қар.
Дүниеге аппақ
Сұлулық тұнған сәтте осы,
Жалғыз-ақ менде тілек бар!
Өзіңсіз,
Жылжып өтуде
Айлар, апталар...
Біз жүрген жерлер
Ақ қарға оранған шақта бар,
Тілеймін, жаным,
Сағыныш сазын ақтарар,
Жетсе деп сенен хат-хабар!
Іңкәр әнім ең
Жадымда мәңгі жатталар,
Сен жайлы жеткей
Қуаныш алып ақ таң әр!
Бір сендік жүрек
Өзгеге бақыт боп қонып,
Өзгеден қалай бақ табар?..
Талдырып үміт...
Көздерім мынау төрт болып,
Жолыңды тосам,
Ішіме алау өрт толып.
Сапырылуда
Сезімнің көлі,
Жүрекке
Сағыныш атты дерт қонып.
Қыс түні қандай!
Ай нұрын көктен себелеп,
Ұшады ауада
Ақ қанат,
Ақ қар – көбелек...
Бөлісуге, әттең,
Осы бір сәтті керемет,
Қасымда жоқсың, не керек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасымда жоқсың өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Қасымда жоқсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасымда жоқсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасымда жоқсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері