Кешір мені, Ахмет, Мағжан, Сәкенім
- 0
- 2
Тоз-тоз болды бұл күндері қиялым,
«Шырақшысы» құрқылтайдай ұяның
Сенбісің? – деп портреттер сөйлейді
Шыны әйнектің аржағынан, зиялым.
Бұл бетте «Көкше түні. «Келемін тау ішінде түнделетіп»... Сәкен» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Тоз-тоз болды бұл күндері қиялым,
«Шырақшысы» құрқылтайдай ұяның
Сенбісің? – деп портреттер сөйлейді
Шыны әйнектің аржағынан, зиялым.
Көңілім бар даладай,
Елім сүйіп, қолдаған.
Ақын жаны – баладай,
Баланы кім алдаған?
Жиналыста жүрдім жұртқа білінбей,
Қызыл сөзден бір түйір дән ілінбей.
Қорғаушы кім, қорлаушы кім, шатастым,
Бір көрпенің астары мен тініндей.
Ауру, жоқтық... және өлім
Қолымда көп дәлелім.
Лақтырылған сүйекке
Таласады әлі елім.
Кәнизак та болмадым,
Перизат та болмадым.
Болмағанды қолдаумен,
Көсеу болды қолдарым.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі