Сол бір түн – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сол бір түн» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 1
  • 2020
(аударма)

Түн жып-жылы. Есімде:
жүрек тулап бұлқынды,
сол көктемнің кешінде
бірге өткіздік бір түнді.
Мен рахат күйдемін,
бұдан тәтті сәт бар ма!
Ұйқы қайда – сүйгенің
құшағыңда жатқанда!
Атпаса екен таң бүгін,
тоқтатар ма ем уақытты.
Ұйқылы-ояу қалғыдым,
құшағыма ап бақытты.
Армандарды жалғатып
кештім сезім өртін мен.
Екеумізде бар бақыт
басталған-ды сол түннен.

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ


Пікірлер (1)

Аружан

Фариза Оңғарсынова – қазақ поэзиясының ең жүректі ақындарының бірі. Оның «Сол бір түн» өлеңін оқығанда, ақынның жан дүниесінің тереңдігіне бойлағандай боласың. Бұл өлең – бір сәттік емес, бүкіл бір өмірдің мәнін ашатын туынды.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері