Бұлбұл әні – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бұлбұл әні» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2796
Құс әніне елең етіп құлағы,
бір жас бала қариядан сұрады:
«Ата, неге бұлбұл үні тек қана
көктемеде шығады»?
«Құс дегенің адамға ұқсас, қарағым:
сезім баурап жүрегі мен жанарын,
көктемеде махаббаттың таң әнін
шырқайды ол да.
Талабын
орындаса, ұя салып,
әнді емес,
ойлар жалғыз қамын бала-шағаның!»

МҰХАМЕД ӘЛИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері