Жылқышының үйінде

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

-Түн түнерді, ұйықтады ауыл,
Сорлы, бейбақ, атаң қайда?..
-Боран мынау, туды дауыл,
Апатайым, атам қайда?..
-Сорлы, бейбақ атаң қайда?
Көр үңгірді боран көмді!..
-Апатай-ау, атам қайда?
Әйнек сынды, білте сөнді...
-Көр үңгірді боран көмді,
Көмді ме екен атаңды әлде?..
-Әйнек сынды, білте сөнді,
Сөнді ме екен атам да әлде?..
-Көмді ме екен атаңды әлде?
Қалқам, қандай күйге түстік?..
-Сөнді ме екен атам да әлде?
Апа-ау, мұнша жасың ыстық!..
-Қалқам, қандай күйге түстік?
Жаным - жара, көңілім - қаяу!..
-Төкпеші, апа, жасыңды ыстық!
Байқашы өзің: боран баяу!
-Жаным - жара, көңілім - қаяу,
Аман ба екен бейбақ атаң?
-Жел де бәсең, боран баяу,
Қарашы, әне, ағарды таң!..
-Аман ба екен бейбақ атаң?
Құлыншағым, қорғаным - сен!
-Міне, атты таң! Аман атам!
Қапа болма, қорғаның - мен!..


Пікірлер (4)

Айару

Зор

Айару

Ұнады

Бекзатқызы Айару

Өте керемет қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылқышының үйінде өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Жылқышының үйінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жылқышының үйінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылқышының үйінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері