Қарда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1735
(аударма)

Алдандым саған,
Мәңгілік!
Жұлдызда бар ән –
қалды үміт.
Қарап ем төмен –
дір еттім:
Мәңгілік деген –
түнек - түн!
Бір нәзік шуақ
көрінген
жалғайды бірақ
өмірмен.
Шуақ та мүлгіп
кемерде
жоқ болды сүңгіп
тереңге.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері