Қыз саусағы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қыз саусағы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1337
(аударма)

Құдайым-ай, саусақтардың басында
Қаншама әуен, айқай бар!
Күйген саусақ, азап шеккен жасында –
Нәзік қолды байқаңдар.
Құдайым-ау, қаншама үлпіл, діріл бар
Қайғы-мүңды саусақта!
Сол саусақтан тарайтындай ғұмырлар,
тар қапаста қалсақ та.
Нұр шашатын сәулелерім таңдағы,
Сипағаны өбкеннен де тәттірек.
Сүйкімді жан өмірімді жалғады,
Көкірегінде - ақ тілек.
Саусақтар-ай жүз тілде де тіл қатқан.
Үні бірақ ішінде.
Азаптадым,
Салдым талай сынаққа -
даналығы үшін бе...
Көз ілемін шуағымен бес күннің,
Саусақ-жұлдыз бас жағымда жанасты.
Саусақ балы... қанша ләззат кештірдің
Әрі тәтті, әрі ащы...

ИВАН ДРАЧ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері