Әкімдер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әкімдер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1349
Бабамыз атанғанмен қыр арланы,
миына көп қонбаған құран жағы.
Бас ұстап, билік айтып төрде отыру –
ежелден қазағымның бір арманы.
Тоя жеп жал-жаясын соғымының,
ауылын сұлу қыздың торып ұрын
құс салған ел ұрпағы ем, содан әлі
саясат, айла жайлы жоқ ұғымым.
Билікке бедел салмас құлықты адам,
өзім де биліктіден суып барам.
Қашан да елді ойлаған естілерді
әкімдер маңайына жуытпаған.
Шындықты тура айтқанның жолы – жылым,
сарайлар естуге жоқ оның үнін.
Патшаның кім екенін халық білер
сиқынан жанындағы тобырының.
Жылқысы аз, бүгін жұрттың жоқ соғымы,
дәмесі – билік-байдың көк қорығы.
Әкімдер қауіпті емес, қауіптісі –
жағымпаз жанындағы көп тобыры.

1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері