Өлең, жыр, ақындар

Шекспир шындығы

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1046
- Адам әділ шешімін айтқаны үшін табанда
зұлымдықтан кешірім өтінетін заманда
үлкенің де, кішің де қойған кезде ұятты,
әділетті түсіңде көретінің сияқты,
шыншылдығым, талабым үшін қаһар —
кегіңе салмай, озбыр заманым,
кешіре гөр мені де!
В. Шекспир. «Гамлет».

Саған дейін, сенен кейін сан заман
тіршілікті жалғаған.
Мен өзіңе таңданам:
сезімі мен мұңы үлгі
жырларыңа ғұмырлы
табынумен келеді әлі бар ғалам,
шабысынан танар емес,
зулауда
сен баптаған тарлан ән!
Екеумізді бөліп жатыр мың нүкте,
екеуміз де толғатамыз жыр-жүкке.
Көне далам дертті де әрі ержүрек
Джульеттаны тыңдады алғаш елжіреп
Қыз Баяны оралғандай тірлікке:
орта — адамның құндағы,
ал, адамдар — ортасының құрбаны,
менің далам Офелия әнінен
Жібегінің зарын қайта тыңдады.
Сең кешеді Гамлеттей арлы ұлдар,
ойлы болсаң, өмірің де — таңғы ызғар,
соқпағыңды кешірмейді даңғылдар,
күн кешесің: артың — мұхит, алдың — жар,
осылайша Жердің нүктелерінде
қайталанар тағдырлар,
қайталанар аңыздар мен ән-жырлар.
әр таң сайын шығарындай Күн нұры,
мұның бәрі — табиғаттың шындығы.
Жер бетінен неше заман сырғыды
түрі бөлек, бір мұңы,
заты бір де, бөлек бірақ сыңғыры.
Ойдан мәрмәр мүсін құйған мықты едің
(табынбайды жұрт тегін!)
Соның бәрін біле тұра,
өмірден,
ақиқат пен әділетті күткенің,
түске енетін шындықты іздеп шырқырап
жүрегіңді үккенің —
бұл қылығың шақшадайын басыма
кірмей қойды түк менің.
Мен де ойлардан күпті едім,
сен сенделіп таба алмаған шындықты
іздеу түгіл, күтпедім,
шарламадым төрт бұрышын құрлықтың:
дәуірімнен мұң жұттым,
ақиқат жоқ жер бетінде, қоғамда,
тек мен ғана шындықпын!
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үй

  • 0
  • 0

Ақ ордам үйім менің
Бөренемен мықындалған.
Сыятындай ішіне бүкіл далам,
әшекейсіз, өрнексіз ағаш үй-ді,

Толық

Бір құрлық бар түспеген қартаға әлі

  • 0
  • 0

Бір құрлық бар түспеген қартаға әлі,
сыйғызардай төсіне сан қаланы.
Ғалымдар да білмейді оны әзірше,
тек арнайы іздеген жан табады.

Толық

Тыным көрмей шиқылдан шіркін есік

  • 0
  • 0

Тыным көрмей шиқылдан шіркін есік,
таты кеткен топсамен тұр тіресіп:
біздің үйдің кішкентай патшалары
кіріп-шығып жүреді дүркіресіп.

Толық

Қарап көріңіз