Ақшоқы кеші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ақшоқы кеші» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1965
Сол бір кеш Ақшоқының етегінде,
қимадым қоштасуға кетерімде.
Қалқыса аспанынан ән арылмай
көрікті болады екен дала мұндай!
Жұлдыздар жаудырайды маған қарап,
өзіңнің аймалаған жанарыңдай.
Жылдардың жырақтатып жаңбырларын,
жаныма сәуле құйды таң құндағым,
Тоғжанын аңсап өткен Абайдайын,
жүректе сағыныш боп қалдың, жаным!
Ақшоқы. Арман түндерім,
аруақты елім, жырлы елім.
Ән бе едің әппақ нұр ма едің.
Сол бір кеш, сол бір сезімдер
жанымды тербеп жүр менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері