Жолдағы достар
- 0
- 0
Келдім мен астанаға
серік қылып көгілдір арманымды,
тамашалап жағада таңғы ағынды.
Қала жатты оранып боз тұманға.
Келдім мен астанаға
серік қылып көгілдір арманымды,
тамашалап жағада таңғы ағынды.
Қала жатты оранып боз тұманға.
Налып келдің соншалық, тұнжырадың
өсегімен біреулердің.
Мен де өзіңмен қосыла қынжыламын,
мұндайда жүдеулеумін.
Бір өзі мұхит сынды жағасы арман,
ағысы жағасына жара салған;
толқыны, тасқындаса, тау қопарып,
жабықса, жусаннан да аласарған.
Сайран
Фариза Оңғарсынованың "Өмір" поэмасы екен. 1990 жылы жазылған, бірақ әлі күнге дейін өте өзекті, терең әрі ауыр.