Дәреже ме, орта ма жан ержеткен

Бұл бетте «Дәреже ме, орта ма жан ержеткен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1276
Дәреже ме, орта ма жан ержеткен,
үлкен-кіші тұғыр ма әрең жеткен –
өзгертеді әйтеуір адамды ылғи,
өзгереді бәрі де әлемде өктем.
Сала ма әлде қыш орта қалыбына,
сұсты мұхит-тірліктің ағыны ма –
құбылады адамзат, дүниеге
болатындай бүгінгі тағы – мұра.
Орны өзгерсе, өзгеріп мұң, несібе,
көршісі де, сөзі де, мүддесі де,
қимылы да, досы да, қылығы да
басқа. Алмайды бұрынғы күнді есіне.
Бірақ бір күн шектеліп өрлегені,
құбылады кешегі төр мен өңі.
Уақыт-құйын ойқастап, жер бетінде
тақсырлар да, тақтар да өзгереді.
Жүрген кеше жерде - өзі, жанары Айда
адам сонда, таусылып амал-айла,
су мүжіген ескектей қайық қирап,
сұсты толқын лақтырған жаға-жайға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәреже ме, орта ма жан ержеткен өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Дәреже ме, орта ма жан ержеткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәреже ме, орта ма жан ержеткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәреже ме, орта ма жан ержеткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері