Өлең, жыр, ақындар

Атын жазбаған студенттің хаты және оған жауап

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 713
1
«Сізді жақсы түсінеміз, ұғамыз,
Жырыңыз — бір байтақ жатқан құба дүз
екендігін
замандас та білмейді,
аға деген қаламдас та білмейді,
(біледі, тек күндейді)
оны ұғатын мына біз!
Сіз шыққанда, қол соқпаймыз жорта біз:
жырыңыздан толғандай боп ортамыз
отырсақ та,
қолды соқсақ дабырлап,
Сіз басқаша қабылдап,
жарамсақтар деп ойлар деп қорқамыз.
Жырыңызда — наркескендей өткірсіз,
түнектерді талқандайтын от Күнсіз,
пасықтықты мұрттай қиып ұшырар
өлеңіңіз — оқ тілсіз!
Жырыңызды оқуға, рас, жоқсыз Сіз.
Бірақ наз бар бізде де:
әйел жайлы көп жазасыз Сіз неге?
Ер ақындар өмір бойы бар күшін
салып соған,
әйелдерді паң мүсін
асқақтатып жазды шын.
Ал сіз неге әйелдерге құлайсыз?
Соларды айтып мұңаясыз, жылайсыз,
тебірентесіз жанды шын.
Бірақ Сізге біреуі әйел затының
айтты ма екен алғысын?
Ел деп соғар жүрегі,
әйелдің де, халқының да тірегі
ерлер жайлы гимн жазар ақынға
Сіз ғанасыз лайық!
...Өтінеміз —
көрмеңізші мұны айып!..»

II
Әйел маған Күн сыйлап, ғұмыр берген,
Отан берген осынау жұмыр жерден.
Бала десе балқыған жанымды ұғып,
маған қиып сыйлаған ұлын жеңгем.
Табыстырған мені әйел жан әкеммен,
мейірімін сол жанның дара көргем.
Мені сүйген, мен сүйген жандарымның
барлығын да өмірге ана әкелген.
Мені арқалап шығарған белестерге,
ажыратуды үйреткен елес пе, ел ме...
Жыр арнасам жанымнан
әйел көркін
қызықтау не мадақтау емес менде.
Ойламаппын мен шіркін миым сүрлеп
кепке ұнауды мақсат қып, қиын сын деп.
Жыр жазбадым жұрт жаппай қолын соғып,
алғыс айтып алдыма иілсін деп.
Армансызбын жыр туса жас тамардай,
ойы жоқ та ес кіріп жасқанардай.
Күн кешкем жоқ жүрсе де ел басқара алмай,
жазатайым біреуді жарылқаса,
алғыс күтер баяғы патшалардай.
Жыр-дертімді бұлдаман ешкімге де,
тіпті аударылмасын еш тілге де,
Жұқа жандар аурушаң жүрегіне
жырларымды жаратса бір еміне —
медеуім сол тұратын бес жүлдеге,
ұқпады деп қиналман тексіз неме.
1985



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алып Ер Тұңғаны жоқтау

  • 0
  • 0

Алып Ер Тұңғаны жоқтау
Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тұңғаны алды ма,

Толық

Құпия ғой, құпия адам деген

  • 0
  • 0

Құпия ғой, құпия адам деген!
Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем,
болғандай ем бәрін де көріп, біліп,
әлі күнге мен қалай аман келем?

Толық

Тоғжанның әні

  • 0
  • 0

Бөленгендей аспан нұрға
Күй кешкенмін күнілгері.
Жанарыңнан жасқандым да,
тұла бойым дірілдеді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар