Қарсыз дала. Ызғырық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарсыз дала. Ызғырық» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1248
Қарсыз дала. Ызғырық.
Қара суық. Қатқақ жер.
Жүргізбейді түзде ұлып
маңдайыңнан жасқап жел.
Таяу қыста жұт бар ма –
қасқырлардан түршігем.
Көшіп-қонып бұлттар да,
аспанда да бір сүрең.
Суық сорып, жақ солған...
Қиял - жазғы бір күнің.
Сүр иісіне мас болған
түске енеді тірлігің.
Екі аттылы. Отар. Мал.
Әңгіме тек қыс жайлы.
Сең-сең тонды шопандар
бабаларына ұқсайды.
Шопан халқы мықты әлі,
бұдан асқан батыл кім?!
Мұздақ қатқан мұрттары
найзасындай батырдың!
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарсыз дала. Ызғырық өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қарсыз дала. Ызғырық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарсыз дала. Ызғырық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарсыз дала. Ызғырық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері