Баукең қайтқанда – Кәкімжан Қазыбаев

Бұл бетте «Баукең қайтқанда» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1189
(Б.Момышұлына)

Қаралы хабар жетті,
Баукең жоқ деп,
Жүректі осып өтті жанған шоқ боп.
Ойлаушы ек бәйтерек деп құламайтын,
Ойлаушы ек сөнбейтұғын жарық от деп?!
Халқыңды қатты сүйдің арыңменен,
Бойында қайнап жатты дарын деген.
Өр бейнең өнеге еді өмірдегі,
Өткізген бықсып жанбай жалынменен.
Жанарың от шашушы еді айбаттансаң,
Тұрушы еді тұлғаң биік қайраттансаң.
Майданда майыспаған ақ семсерді,
Сұм ажал қалай ғана жайратқансың?!
Мен ұқтым сол бейнеңнен талай сырды,
Шар болат көк семсерім қалай сынды?!
Ақ туын әділдіктің тік ұстаған,
От жүрек, болат денең қалай тынды?!

11.06.1982.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баукең қайтқанда өлеңінің авторы кім?

Кәкімжан Қазыбаев — осы өлеңнің авторы.

Баукең қайтқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баукең қайтқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімжан Қазыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баукең қайтқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері