Ағаштардан әр тайып – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ағаштардан әр тайып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1572
Ағаштардан әр тайып
сидаң тартқан жағалай.
Күні жетпей қартайып.
күйік көрген анадай.
Құстар сайрап салмайды ән,
көктем нұрын сезінбей.
Жапырақтар сарғайған
жылдар жуған сезімдей.
Жерден озған сән, шырай,
жел үстемдік құрады,
қасқыр алған аңшыдай
желпілдейді тұмағы.
Аспанда да жоқ тыным:
бұлт - тасқындар тоғысып,
түгескендей оттығын
оқ-қарусыз соғысып.
Бұлт аспанда, жел жерде,
күз. Ызғырық тұр ұлып.
Алдырмайтын сеңдерге
тек біздегі жылылық.
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері