Дала толы ақ күміс – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Дала толы ақ күміс» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1999
Ақша қарға малынып,
аппақ тонын жамылып,
сақалы мен мұртына
күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
балаларды сағынып.
Келіп қалды, қараңыз!
Шашу толы даламыз!
Күміс дала үстінде
жарқ-жұрқ етіп шанамыз,
біз де зулап барамыз.
Бар баланың қонағы,
төрлет, Ата, жоғары.
Енді дала, алақай,
ақ күміске толады.
Жұрттың бәрі атадай
қашан мырза болады?!
1971


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері