Қамаудағы аңдар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қамаудағы аңдар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1631
Әкеме еріп қалаға
барып едім бір күні.
Көрдім сонда қамалған
аю, қасқыр, түлкіні.
Арыстан да, барыс та –
темір торда тұр бәрі.
Кете алмайды алысқа,
кезе алмайды жылғаны.
Ұша алмайды қыран да,
ұшуға оған болмайды.
Кеткісі кеп шығанға,
тек қанатын қомдайды.
Маймылға жұрт таң қалды:
нан сұрайды баладан.
Аяп кеттім аңдарды –
қандай жаман қамаған…
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері