Ғарышкер ағалар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ғарышкер ағалар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 1
  • 5026
Көк аспанға қараймын,
жұлдыздарды санаймын.
Осынша көп моншақты
төгіп кеткен қалай кім?
Жарқырайды, лаулайды,
бірақ жерге жаумайды.
Батыр жандар тағатын
жұлдызшадан аумайды.
Таң атып, Күн жеткенде,
таба алмай бірін көктен де,
таң қалам: "Бар жұлдызды
біреу алып кеткен бе?!"
Маған жұмбақ Күн елі,
тұңғиықтың түнегі…
Ал ғарышкер ағалар
соның бәрін біледі.
Шарлап олар Күнді, Айды,
жұлдыз әнін тыңдайды.
Байқоңырдың төсінен
корабльдер зулайды.
1974


Пікірлер (1)

Qozzy

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері