Қыз балаға бата – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қыз балаға бата» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3028
Талдай бой берсін,
сұңғыла ой берсін,
жаздай жамал берсін,
таңдай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
ағаға қуат болсын,
нәзік жаны болсын,
елінің ары болсын,
басына өнердің бағы қонсын,
ақ орданың шамы болсын!
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері