Өмір - сен – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өмір - сен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 5996
Балалық шақтың әнімен,
балауса, балғын сәнімен
ертегілердің елінен
еркелей басып келіп ем.
Өмірдің көркем бағынан
өзіңді көрсем, жаным-ән!
Бөлеп ең мені бақытқа,
сол күндерімді сағынам.
Қайырмасы:
А-хау, сол бір күндер-ай,
сағындың ба өзің де…
Жалғыз сенсің — өмірде,
жалғыз сенсің — көңілде.
Жалғыз сен ғана жалғанда
бастайтын мені таңдарға!
Жанымда болса екен деп,
оранам аппақ арманға.
Қуаныш шашшы көңілге
түсімде және өңімде!
Ғашық боп, жаным, жүрмін мен
сен бар деп мынау өмірге!
Қайырмасы:
А-хау, сол бір күндер-ай,
сағындың ба өзің де…
Жалғыз сенсің — өмірде,
жалғыз сенсің — көңілде.
1998


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері