Туннельдегі туған ой

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 664
Жана ғана жатқан өзен төменде,
Енді менің күркірейді төбемде, —
Күндіз сыртта, «түнді» кешіп мен келем
Өзінің ай, жұлдызы бар туннельде.
Айналада алтын-шапақ нұр қандай!..
Бетке салқын арқа лебі ұрғандай, —
Eкi жақта аташтары Ciбipдің
Құрметті бip қарауылда тұрғандай.
Асқар тауды тipeп қалған осылар,
Құрыш бетон аяғы бар, басы бар...
Ертең бұған аласұрып енгенде,
Асау өзен аптығы тез басылар.
...Жүріп келем тау астында, «орманда»,
Бұл сәттегі қызық қиял, арман да:
Өзім жомарт өзен болам, толқимын
Ecкi, жаңа — екі бірдей арнамда!
Арқалаймын кемені де жүгімен!..
Шулап келіп, шлюздерге жүгінем!..
Бүгінгінің жоспарынан жол тауып,
Сан ғасырдың арнасымен жүгірем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туннельдегі туған ой өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Туннельдегі туған ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Туннельдегі туған ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туннельдегі туған ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері