Замандасқа

Бұл бетте «Замандасқа» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 2828
Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ!
Досың – жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?..

Жүзген балық, жүгірген аң, ұшқан құс
Деген емес «адамзатқа дұшпанбыз».
Барлығының молшылығын малданып,
Таптық ырыс табиғаттай достан біз.

Ақыл-ойға ашып берген не сырын
Табиғаттан сұрау керек кешірім.
Көзімізше дарақылар әлдебір
Тіршілікке тигізіп жүр кесірін.

Суды ластап, жерді айырып құнардан,
Ауаны улап тапқан табыс құны арзан.
Не қымбатты тәрк етіп жүр «олжаға»
Құныққандар әсте шықпай құмардан.

Деушілер ғой: «Бар табиғат құл маған»,
Біреуіне аяушылық қылмаған.
Дарақылар, жұмысы жоқ өсіммен,
Жоспар үшін құртқандарын құндаған.

Ұры мерген ақбөкенді елікпен
Жаудан бетер жамсатады неліктен?..
Өскенінен өшкені көп хайуанат
Неге тозбақ борлы тастай жел үккен?..

Ей, замандас! Жауаптымыз бұл «іске»,
Сол «олжадан» алмасақ та бүлішке.
Сарқылуға еш хақы жоқ байлықты
Салғызбайық бұл секілді бөліске!

Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,
Барын сарқып ала бермек парыз ба?..
Жоқ, замандас? Әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де, беретіні – қарызға!..

Сол себепті төзеді жер зар қақпай…
Дарақының беті көне жарғақтай.
Сол жарғақты өзіміз-ақ жыртайық,
Келешектің адамына қарғатпай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Замандасқа өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Замандасқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Замандасқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Замандасқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері