Өлең, жыр, ақындар

Той толғауы

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 515
Ежелгі бұйрат, eңiciм —
Гурьев — Мақат — Маңқыстау!
Бүгін сен өзің мен үшін
Жаһанда биік маңғаз тау!..
Аңыздан артық жеңісің,
Маңқыстау — Мақат — Гурьев!
Бүгін сен өзің мен үшін
Желмая жеткен Жерұйық!..
Ал соқты сағат тағы бip
Тарихпен түгендескендей;
Шығыстан шықпай таңғы нұр,
Туыңнан туып-өскендей.
Жиынға шақырт, жиынға
Заузаның желін аңызақ!
Сәлем де қарлы құйынға,
Билесе бізбен таң ұзақ!
Зейнетке еркін енбек кім,
Күреспей күндіз, түн iшi?!
Ыстық пен суық — енбектің
Ежелгі демі, тынысы.
Жиынға шақырт жер астын
Кеудесін бұрқан кернеген.
Теңізді шақырт, жарастық,
Ізеттік icтeп көрмеген.
Жабайы толқын жалбақтап,
Берген жоқ барын теп-тегін;
Жан қинап солар жан-жақтан,
Куәға жүрді көкте күн.
Ауыр шақтары күн, айдың
Бозбала шашын сиретті;
Алғашқы жүгін мұнайдың
Аруана түйе сүйретті.
Аяулы жұртым жалғыз-ақ
Аяқтан тұрып тік қалды.
Әлгі бip аяз, аңызақ
Көктемді көрге тыққан-ды.
Бабамды, барқас қайықты
Балық пен теңіз жұтқан-ды;
Куәға тартып Жайықты,
Кейінде сондай жұт қалды.
— Аң болып болған арланбай
Алдамшы құдай «ақ пipi»
Жойылсын! —
деді, армандай
Ақиқатымның авторы.
— Батсын, — деді ол, — жанықпай,
Жоқ-жітік, сорлы, жарлы күн!
У а, Ленин! Дүние жарықтай
Жасампаз сенің жарлығың!
Шындыққа бүгін ұлылық
Ұтқаннан соңғы күн ие!..
Лениннің қызын, ұлын ұқ,
Дүреден шыққан дүние!
Осынау сөзді барлық шын
Баһадур айтып жүр еді
Сомдады соны балықшым,
Мұнайшым, малшым жүрегі.
Шалқыды бұлар, ел жиып,
Өлкенің тыныс, өр демі
Өлкеге тұтас — ең биік
Қасиетті ғacыp ордені!..
Ұзарған сайын өркенім,
Даналық дастан, туып ән,
Лениннің өзi өлкенің
Тұрады қарап туынан!
...Ежелгі бұйрат, eңiciм —
Гурьев — Мақат — Маңқыстау!
Бүгін сен өзің мен үшін
Жаһанда биік маңғаз тау!..
Аңыздан артық — жеңісің,
Маңқыстау — Мақат — Гурьев!
Бүгін сен өзің мен үшін
Желмая жеткен Жерұйық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сексеннің серті

  • 0
  • 0

Мазасыз өтті ғасыр тоқсан бeci,
Есімде қайта айналып соқсам нeci?
Есімде ұлтымыздың азандағы,
Аллаға жалбарынған ақ сәлдесі.

Толық

Хакім Хамит Құтқожин хақында

  • 0
  • 0

Мен Хамиттан зиялы кісіктің
Ақ, көк, қызыл, сарғыш та түсін ұқтым.
Жаңбырдан соң көркейтіп көкжиекті
Кемпірқосақ осы деп түсініппін.

Толық

Терек пен теңіз хақында

  • 0
  • 0

Ей, бәйтерек, бәйтерек!
Мына жүрген бiз сен болсақ, қайтер ек?
Ceнi тарих дерегі деп айтады,
Осы ceнiң сол дерегің қай дерек?..

Толық

Қарап көріңіз