Өлең, жыр, ақындар

Альбомнан – дәптерге

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 263
1
Достар бар-ау көрген сайын сұрасып,
Ақтаратын ақ ниеттен сыр ашып!..
Солар барда қайран сенің көңілің —
Көп асықтан алшы түскен бip асық.
Сенен ғана жөн сұрағыш «сабазды-ай!..»
Өз басыңның жетпей жатқан жоғы аздай.
Соны көрсең, боласың да қаласың
Жазуы жоқ, төрт бүктеулі қағаздай...
Шынында да ойлап кетсең мәнісін,
Алдыңғысы туған дейсің мен үшін.
Болмаған соң өзің дана ақылгөй,
Соңғысына не десең де мейлісің...

2
Сұлу болсаң сұлу бол, айналайын,
Күн болайын сен үшін, ай болайын;
Аз сырласып сен кетіп, жұпар исің
Жұтып қалған ауаны-ақ аймалайын.
Кайта көpiп, көрсетпе қараңды не...
Бipaқ сонда емес-ау бар әңгіме:
Жастық шақта — әңгіме!.. Онсыз көзің
Көру үшін жарық не,
қараңғы не?!
Ей, шабытым, күз жырлап, жаз жайлайсың,
Жастық шақты өлгенше жаздырғайсың!..
Қызығым ғой ол менің, қызығым ғой,
Соған бола күйсем де жазғырмайсың.

3
Күлем... Бipaқ бұл емес қой әзілім,
Қарлығуды шығарған ба әз үнің?..
Ақ қағазға мен түcipгeн жазудай
Ақ жүзінде көбейіпті-ау әжімің...
Осыншаға бар күнәкар кiм десем,
Өзім екен. Оны ұқпасам күлмес ем...
Keмip eдi-ay ең болмаса eкi әжім
Менің жайымды ойламасаң күнде сен.
Kiм құтылар өмip айтқан жарлықтан? —
Бұны ойласам бойда қайнар барлық қан!
Әсем үнің өзімe де, досыма,
Бар балама жауап бepiп қарлыққан!

4
Бүгінгі сөз — көкіректің зары құр,
Ақ жүзіңді мейлің енді әpi бұр.
Қол жетпеген шынар едің бip кезде,
Жалт берсең де, танып қойдым бәpiбip.
Әжім енді сенде де бар, әйәйім!
Ол жазуды оқымай-ақ қояйын...

5
Келмеген соң қызыл гүлден сый алып,
Бұл күндерде тілдің нeciн тиялық
Анау жапырақ тимес еді көзіңе
Жалт бермесең жана бізден ұялып...
Cүpiндің де... Әбден түстің әлекке,
Қап, құдай-ай, тіптен ұяң бала екен.
Жасық болма, жалын бол деп өзіне,
Үлкенсің ғой, түciндipшi, Қалеке!

6
Гүлді келем қуалап.
Бip көктемі солмаған.
Жырды келем қуалап,
Жүзiн аяз сормаған,
Өмірбаян — сол маған.
Бip сағатым — бip егін
Орып біткен, ормаған.
Ыза, шаттық — жүрегім
Ыстық жерге орнаған,
Өмірбаян — ол маған
Бiлмecтiгiм — бip мектеп
Бітep шағы болмаған.
Аттестатын құрметтеп,
Әлі қолға алмаған,
Өмірбаян — ол маған.
Білгенім де — бip мектеп
Ішін өзім сырлаған.
Жеткізем деп тірнектеп,
Жеткізе алмай сорлаған,
Өмірбаян — сол маған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл тапсырған пері

  • 0
  • 0

Титімдей қыз тапсырды-ау гүл әкеліп,
Қарызымды өтеу ме бұл әкелік?..
— Көп-көп жаса, Ата! — деп ол айтқанда
Кезден бетер көңілім жыла келіп...

Толық

Бауырсақ

  • 0
  • 0

Eciмe қайтып ене алмас,
Желді күн яки тымық күн.
Қай сәтте анам ең алғаш
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым.

Толық

Бәрекелде!

  • 0
  • 0

Ащы тер деп ойлама қуанышың
Озып келген бәйгеден құнан үшін.
Қайталауға бардай-ақ бұла күлік
Хан баласын тапаған құлан iciн.

Толық

Қарап көріңіз