Өлең, жыр, ақындар

Аяулы апа

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 857
Алғашқы мұғалималардың бipi Әмина Кемелованың 70 жылдығына

Баппен ғана биязы баяулата
Сен сырыңды шерткенде, аяулы апа,
Кең даладай кеудеңнен төгіледі-ау
Мұңлы мақтан, ойлы наз, ояу қапа...
— Жазғы дала, сағымы суырылған,
Kүзгi дала, түндігі туырылған,
Қысқы дала, қи басты қыстаулардың,
Қар астында апшысы қуырылған.
Төрт мезгілі үдерме жыл ішінде
Көшпенді жұрт көңілі жылысын деп,
Хатқа көзi шәкірттің қанықсын деп,
Жүгірмесем тірлікте жұмысым не?!
Қанша қағаз, қауырсын таусылды да,
Нелер жайлар өзгертті даусымды да.
Көктем көп-ау...
Біздің шаш ағарды ғой...
Қыс қырауын жамылған маусым бұ да!..— .
Дегеніңде жүзіңе қарап едім,
Әсте нұры таймаған қара көзің
Ақын қиял жетпестей алыстағы
Бip нүктеге қалыпты қадап өзін.
Ол о жақта, дариға-ай, жан бұ жақта...
Ол нүкте не?..
Жансыз ба, жанды зат па?..
Әлде қазақ жерінің әр тұсынан
Қараңғыда жылт еткен жалғыз от па?..
Әлде сол бip нүктеде әліп-биден
Алғашқы бip құндыз ба алып киген?..
Әлде жұрттан жиналған ақ бата ол?..
Әлде ол бip махаббат жанып күйген?..
Әлде ол бip шәкірт пе көк жөтелден
Жас қыршынын қиғанша көп жөтелген?
Әлде ол бip аққу ма, көгілдірін
Ала келіп аспаннан көлге төнген?..
Біле алмадым, апажан, нүкте сырын,
Ол өзінің құпия бүктесінің...
Маған аян ақиқат: Әмина боп
Қазақ қызы бойына бітті eciмiң.
Талай ұрпақ қанымен араласып, \
Ақын барған қашыққа бара аласың!
Неше дүркін дүниеден кетесің де,
Неше дүркін дүниеге ораласың!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырласу

  • 0
  • 0

Жан-жануар өсімдіктің,
Менің де анам!
Өзіңде ұқтым.
Еш кінәсіз жылы көзбен

Толық

Санаттан қайтқан сарбазға

  • 0
  • 0

Қадірлі iнім
Tiлeciм,
Қазақтың жайын білесің.
Сұрақтан қазақ ешкімге

Толық

Сирек құбылыс

  • 0
  • 0

Қаны бар ipiлiктeн іріктелген
Заңғардың заты қазақ — түріктерден,
Парызы — ел ықыласын жаулап алып,
Eciккe тағзым етпек тұрып төрден.

Толық

Қарап көріңіз