Идеал ұйқастары
Ел ішінде ерлігіңмен ipiciң,
Бір ic бітce, асықтырған бір iciн.
Шөбереңнің жүгін жүктеп өзіңе,
Өзің ғана өлмейтіндей тірісің.
Тездетем деп керуен өмip жүрісін,
Бас пайдасын ұмытқанның бірісің
Сол себепті жағынбайтын ешкімге
Жалғыз-жарым жақсы ақынның жырысың.
Әйел, еркек — кім болса да жынысың,
Жан біткенге жарықсың да, жылысың
Жазатайым жылап қалсаң, рас сол —
Бір шырпыдан жанып кеткен жұмысың.
Сақтар сәтте ұлттың елін, ырысын,
Шарт адамның бipeyi өлмек бipi үшін,
Сондай кici заңдастырмақ сонда да
Шын тірліктің шығысы мен кipiciн.
Кемді күн бақ сыңғырлаған шынысың,
Лауазым — от лапылдаған тынысын,
Бір басына көпсінбеген көкенің
Іші түтін, сырты бүтін сынысың.
Көнбестікте — құдды eтіккe cipiciң,
Адамдықта — ақпейілдің пірісің.
Тәубеге де келтіресің кейде сен
Тар заманның қарақшысын, ұрысын.
Сақшының сол жөндеп сергек тұрысын,
Сол шығартпақ заңның небір дұрысын...
Тас түнектің өзіне де дейсің сен
Жау жатағын тінтер кездің нұрысың.
Сен ғалымның тапқан темір, құрышын,
Алтын, алмас, күміс, мысын, мырышын.
Құр мақтанып көкірегіме көмбейтін
Шын мазасыз дана көздің шырысың.
Сен даланың жазық пен ой, қырысың,
Сен деп білем алаң-көше бұрышын...
Сен неқилы осы жұрттың іштегі
Құмырсқадай құжынаған сырысың.
Бекер демей ит екеш ит үpiciн,
Күрмектен де танып-біліп күрішін,
Жүретұғын көңіл атты көктемнің.
Бір дараққа бұйырмаған бүрісің
Иа, қасиеттім, елден ерек ipiciң,
Жалғыз-жарым, жақсы ақынның жырысың.
...Мезгіліңнен ерте тусаң, елеусіз
Мыс қазандай қайнап бәлкім жүр iшiң!..
Жастық шақ, мықты етпей, күйікті өттi,
Көп досқа ақ пейілім күйіп кетті.
Жағама жармасса да жаман-жәутік
Бермедім тырнасуға қиып бетті.
Есірткен әкем тосып қай бip ығын,
Tиeci жетім басқа қайғылы ұғым.
Жоқ бірақ құшағымнан құрбы қашқан,
Апыр-ау, сонда айыпты қай қылығым?..
Қатал күн қаражатын аяп аттық —
Атсыз да тау мен тасқа аяқ арттық.
Шынығып өз шыныма жаяу шықтым,
Ал сонда менен кеткен қай ағаттық?..
Таптық деп бұл жұмбақтың сенсек түбін...
Tiк мінез, ырық бердің сен тек бүгін, —
Талай дәу кекшілге к.. көрсетіп ең,
Әй, cipә, сенен келді-ау, тентектігім...
* * *
Қайран бабам һәм әкем, шешем марқұм,
Деп өткендер «бүгіннен кешем жарқын!»
Maғaн рақым — басқаша... Артта қалды
Алынбаған баяғы есем бар күн.
Жетім күнін, рас, ұзақ жалғастырдым,
Сосын жауды жағама жармастырдым.
Қанды өзеннің бойында аяғыма
Құлағалы тұрған бір жар бастырдым.
Тоғытылдым қанды өзен тереңіне.
Тұншықтым деп шағынудың керегі не, —
Кім құтқарды қор етпей сұм тағдырдың.
Ажал атты мылқау һәм кереңіне?..
Жетім жеген таяқ та қасиетті, —
Пірім қайта тірілтіп қасына ертті.
Ақыры мен даңғайыр дарынды шақ
Қажетіне жұмсадым қасіретті.
Ең алдымен ел-жұртым соны ғана
Қадір тұтты қалдырмай соңыраға.
Teкті лебіз алам деп тентегінен,
Маңдайымның сыпырды сорын аға.
Heмдi аяйын содан соң өніп-өспей,
Айтсам егер азырақ оны бөспей.
Табиғатпен тілдестім, табиғатта
Анау тipi, мынаусы өлі деспей.
Қайран бабам, ата-анам! Разылық,
Танытты ақыр сендерге бipaз ұлық.
Ел де маған деген жоқ өткендегі
Құдай басқа салғанды құлазып ұқ-
Бабам Қойыс — пipiм сен көріңдесің,
Жоқ!.. Маған жұрт тіккен үй төріңдесің.
Ұштың ба әлде шарықтап, әулетіңнен
Саған ұқсап бір абыз көрінгенсің?..
Қажымай-ақ қартайдым ақырында,
Маған енді патшадай пақырың да.
Адал пенде құлымын кеудесі кең,
Кеудем тар тек иманнан мақұрымға.
Мәрт дәуренім, cәтi жоқ қайралмаған
Қайта айналып келсін-ау қайдан маған.
Қоштасқалы жүрсем де елде жұртпен
Қауышқанша сабыр ет, қайран бабам!..
* * *
Осы төңіректе сәби махаббатымды еміс-еміс сездірген, ол хақында бip-бipiмiзгe дәнеңе деспеген бала қыздың жасамыс кезінде жерленген зираты жатыр. Туған топырақта оянудың бip нышаны ретінде оның рухына «Б...ға» деген атпен мынадай сөз бағышталды:
Қатты аңсаймын тым шикі жас күнімде
Жасырынбақ ойнаған тас түбін де.
Тым-ақ ерте ұзатқан қызды ойласам,
Есте тұтам ecкi елдің дәстүрін де.
«Сыңсып жылау» еш қолдан жасалмаған,
Ол он төртте өксігін баса алмаған.
Ол кездерде боқмұрын саналсам да,
Сол бір соққы тимеген осал маған.
Өксігіне бір дыбыс қоса алмағам,
Іш құсадан жүрегім босанбаған.
Оның зарын epiкciз естігенде
Титтей құлақ тозбай-ақ тосаңдаған.
Жылдар бойы түсімнен бір шықпаған,
Жүретіндей кей кезде ұрсып маған.
Жазығым не?.. Басына жаулық салып,
Мен емес қой ұстатқан ұршықты оған...
Кейде тiптi мектептен бұрынғыша
Қайтар жолда қыздардың бірін құша,
Маған көздің астымен қарайтындай...
Оянсам тек жырлаған жырым құса.
Өзі ұқпаған сәбидің ғашықтығын,
Демек болсам әншейін жасық шығын,
Айтыңдаршы, неге мен тұрмын енді
Құлпытасқа кеудемді басып бүгін?..
Бipeyгe жар, бipeyгe болған ана,
Рухы менің мұңыма толғана ма?..
Толғанады... Жатсыну жарасқан тек
Бөтен жерден ол киген тонға ғана.
Әу бастағы пepiштe қалпын адам
Рухы іздейді... Хабардар халқым одан.
Алдамшы өмip — зәнталақ заңы басқа,
Оны ұқпастай қай жұрттың қарты надан?!
...Бас иген соң мен сенің мазарыңа
Тұрғандаймын азаптан аз арыла.
Сен cоңғы бip жылдарда деп ең: «Ей, дос,
Жазмыш қағаз тосып тұр жазарыңа...»
Жаздым, міне... өтедім парызымды,
Дұға деп біл жырдағы әр үзінді
Мен жоқта да жосылтып жыр арқылы
Замандарға апарар зар ізіңді.
Махаббаты сәбидің айтылмаған,
Риза бол сен!.. Көлсің сен жәй тұнбаған.
Түптен терең шулаған толқыныңды
Жарық түнде жапырақ пен ай тыңдаған!..
* * *
Өмірде ойлатпайтын денсаулықты,
Дейміз-ау жеп ішуге жемсау мықты.
Одан зор ыстық ынта, парызың деп
Жүйкені өрден өрге жұмсауды ұқты.
Сананы ерке дәурен жанықтырды,
Eciгi сабыр-шыдам жабық тұрды.
Соқтыққан соғыспен де «ойнадық-ау»,
Ойын мен отқа түгел жатып қырды...
Сол соғыс қызған сайын жүдеп пенде,
Үйрендік ұйықтамауды жүректен де.
Не дерсің еріктен тыс кici өлтіріп,
Ажалдың тапсырмасын жүк еткенге?!
Жақсыдан жаман тумай, өкінішке
Жол ашқан күндердің де өкiмi іште.
Күйік күн қаратты ма нәрлі нәзік
Жынысқа, жылтыраған не күміске?!
Табиғи еркелікті есуастық,
Талқандап, copғa солай eciк аштық.
Жақсы екен бұдан гөpi деп те жүрдік
Қаратқан қара нанға есіл аштық.
Өштесу өpшiп бipгe есекпенен,
Белсенді бepгi шақ та бос өтпеген.
Шылымды жеңсік астай жеп-ішкенде
Алдамшы қуат алдық қос өкпеден.
Жүректің түкпірінен түнде өсетін
Үрей де үйде бізбен тілдесетін.
...Жөнім жоқ өзге шалдай жеті мүшем
Бipeyi тым болмаса тың десетін.
Апырау, дерсің сонда, өнер-екен
Қажымай қай жерінен өнеді екен?..
...Талантта таршылыққа табыну жоқ,
Өлсе де осы күшпен өледі екен!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі